Сәлем! Менің есімім Юлия. Мен ивент индустриясында 12 жылдық тарихы бар Apple Events Group кәсіби ивент-агенттігінің іс-шаралар жөніндегі менеджері болып табыламын.
Менің Fujitsu Siemens Computers, Fujitsu Technology Solutions сияқты IT-компаниялардағы маркетингте үлкен тәжірибем бар (17 жыл). Онда мен Fujitsu брендін ТМД өңірінде (Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия) дамытуға және ілгерілетуге жауапты болдым.
Менің жауапкершілігіме мыналар кірді:
- ірі маңызды іс-шаралар мен конференцияларды әзірлеу және өткізу – саны 300-400-ден асатын қатысушылары бар жыл сайынғы Fujitsu форумдары, нарыққа жаңа өнімдерді шығару, өңірдің тапсырыс берушілері мен серіктестерінің Германиядағы АТ-көрмелеріне және Fujitsu зауытына шығуын ұйымдастыру;
- өңірдің медиа белсенділігін жұзеге асыру (Радио, интернет, ТВ науқандары, сыртқы жарнама, промо-науқандар), сату өсімін талдау және т.б.
Бір жарым жылдан астам уақыт бойына мен IDC компаниясында жобалау менеджері ретінде жұмыс істедім және серіктестермен, жеткізушілермен, алаңдармен, креативті және AV агенттік терімен жұмыс істеуге жауапты болдым.
Сондай-ақ, менің Techbridge Distribution CA дистрибуторлық компаниясында ТМД аймағы бойынша (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Грузия) маркетинг жөніндегі директор рөліндегі атқарған жұмысым бар. Дистрибутор портфелі АТ жабдықтары мен БҚ 40-тан астам әлемдік өндірушілернен құралған.
Apple Events Group командасының құрамында мен мынадай жобаларды іске асырдым: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің АТ-директорларына арналған үш күндік оқыту семинары, IDC Government Innovation Forum, Digital Almaty 2024 шеңберіндегі Kazakhstan ESGForum.
Егер Сіз бизнес-іс-шараны жоспарласаңыз және ұйымдастырушы команданы іздеген болсаңыз, Сізбен кездесіп, әлеуетті ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға қуаныштымын.